26.09.2026 01:55
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

Жаңа оқу жылы қарсанында елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қатаң бақылауда

  • 25 августа, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 9

Жаңа оқу жылы қарсанында елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қатаң бақылауда. Республика бойынша «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы басталды. Полиция өзге де құзырлы органдармен бірлесіп, мектеп маңындағы қауіпсіздікті күшейтті. Мамандар жаяу жүргіншілер өткелдерін, жол белгілері мен таңбалардың жай-күйін, сондай-ақ мектеп автобустарының техникалық ахуалын жіті тексеріп жатыр. Жол инфрақұрылымын зерделеу нәтижесінде жауапты орындарға жарты мыңнан астам ұйғарым жолданды.