Лисаковскіде күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық басталды
Лисаковскіде күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық басталды. Қазір болашақ сарбаздар медициналық тексеруден өтуде. Одан кейін олар әскери қызметтің түрлі бағыттары бойынша Отан алдындағы борышын өтейді. Биыл күзде Лисаковскіден 53 азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр.




