Қостанайлық мердігерлер сөз байласып, қала аумағын өзара бөлісіп алды деген күдікке ілінді
Қостанайлық мердігерлер сөз байласып, қала аумағын өзара бөлісіп алды деген күдікке ілінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті қаланы тазалау, күтіп ұстау және абаттандырумен айналысатын жергілікті компанияларды тексеріп жатыр. Антимонополиялық орган өкілдерінің пікірінше, мердігерлер тендер кезінде өзара сыбайласып, мемлекетке тиімсіз жағдай туғызған. Ал мердігерлердің өздері бұл айыптаулармен келіспей, жергілікті департаменттің тексеру нәтижелеріне шағымданып жатыр.




