Өңірде «Құқық тәртібі» және «Балаларға назар аударыңыз» атты жедел профилактикалық шаралар өткізіліп жатыр
Құрылтай сайлауы мен жаңа оқу жылының басталуына орай Қостанай облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өңірде «Құқық тәртібі» және «Балаларға назар аударыңыз» атты жедел профилактикалық шаралар өткізіліп жатыр. Акция аясында қоғамдық орындар жіті бақылауға алынып, жол қауіпсіздігіне баса мән берілуде. Әсіресе мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.




