Бүгіннен бастап Қостанайды Қазақстанның кондитерлік астанасы деуге толық негіз бар
Бүгіннен бастап Қостанайды Қазақстанның кондитерлік астанасы деуге толық негіз бар. «Баян Сұлу» фабрикасы жаңа өндірістік кешенін іске қосты. Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жылына 70 мың тоннаға жуық тәтті өнім өндіре алады. Жаңа өндіріс облыс орталығында 260 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Бұл – биыл өңірде жүзеге асырылуы жоспарланған ауқымды инвестициялық жобалардың бірі ғана.




