Пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері мен пәтер иелері кооперативтері жаңа тәртіппен жұмыс істейді
Костанайда пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері мен пәтер иелері кооперативтері жаңа тәртіппен жұмыс істейді. Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мәліметінше, бүгінде жергілікті басқарушы ұйымдардың барлығы жаңа тұрғын үй заңнамасының талаптарына сай. Кейбірі міндетті қайта тіркеуден өтіп, жұмысын жалғастырса, бірқатар көпқабатты үйдің тұрғындары мүлік иелерінің бірлестігіне көшкен. Ал талапқа сай келмеген ұйымдар мәжбүрлі түрде таратылған.




