Ішкі істер министрлігі «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды
Ішкі істер министрлігі «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Нәтижесінде қиын жағдайға тап болған 300 отбасы анықталды. Шара барысында Құқық қорғау органдары отбасыдағы зорлық-зомбылық қаупін дер кезінде анықтап, зардап шеккендерді қорғауға және қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға басымдық берді.1400-ге жуық азаматқа құқықтық, психологиялық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетілді.




