Қостанай қаласының 147 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар легі басталды
Қостанай қаласының 147 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар легі басталды. Ол үш күнге жалғасады. Алғашқы күні қатысушылар мен қала қонақтарына ашық аспан астында Kostanay Book fair атты кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке аясында түрлі іс-шаралар, ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кітаптар қолжетімді бағада сатылды.




