Өңірге Жас жол инспекторларының 21-ші слетіне қатысу үшін ТМД елдерінен қатысушылар келіп жетті
Қостанай облысы шетелдік қонақтарды қарсы алуда. Өңірге Жас жол инспекторларының 21-ші слетіне қатысу үшін ТМД елдерінен алғашқы қатысушылар келіп жетті. Салтанатты қарсы алу рәсімдері барысында қонақтарға Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті таныстырылуда. Ал жас инспекторларды жаңа таныстықтар мен қызықты жарыстарға толы сегіз күн күтуде.




