Елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастама жаңа белеске көтерілді
Елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастама жаңа белеске көтерілді. Өткен жылы пилоттық режимде сәтті жүзеге асқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы биылдан бастап республикалық деңгейге көтеріліп, еліміздің барлық өңірін қамтитын болды. Қостанайда осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай дамыту мақсатында маңызды меморандумға қол қойылды.




