Қостанайда көшелерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда
Қостанайда көшелерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ерекше назар — кәсіпкерлік нысандарына аударылған. Қала әкімдігінде қасбеттердің, маңдайшалар мен кіреберіс топтардың сыртқы келбеті, сондай-ақ оларға іргелес аумақтардың тиісті жағдайда күтіп-ұсталуы тексеріледі.Кәсіпкерлерге ұсынымдар беріліп, анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт беріледі. Алайда тексеру нәтижелері көрсеткендей, қойылған талаптарды орындауға барлығы бірдей дайын емес.




