Қостанайда хәкім Абайдың туған күніне орай ерекше көркемдік акция өтті
Қостанайда хәкім Абайдың туған күніне орай ерекше көркемдік акция өтті. Орталық алаңды әсемдік пен шығармашылық мекенге айналдырған шараға жас қылқалам шеберлері мен өнер сүйетін жастар көпшілік болып жиналды. Жүзден астам қатысушы бас қосқан бұл алаңда ешқандай шектеу де, бағалау да болған жоқ. Басты мақсат – жастардың еркін сурет салуына жағдай жасап, ұлы ақынның тұлғасына деген құрметін өнер арқылы көрсету.




