Қостанай облысында жаяу жүргіншіні өлімге әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды
Қостанай облысында жаяу жүргіншіні өлімге әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды. Полиция мәліметінше, оқиға аудан орталықтарының біріндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Сондай-ақ Қостанай қаласында тағы бір жүргізуші автокөлігін әдейі тротуарға шығарып, жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірді. Құқық бұзушылық сәті бейнежазбаға түсіп қалғандықтан, жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Осылар жайында, сондай-ақ өңірде халықаралық іздеуде болған шетел азаматының ұсталғаны жөнінде толығырақ — «Шолу» айдарында.




