Жоғарғы Тобыл су қоймасынан су жіберіліп жатыр
Жоғарғы Тобыл су қоймасынан су жіберіліп жатыр. Бұл келер жылғы тасқынның алдын-алу мақсатында қолға алынған шара. Яғни, су қоймасын босатып, көктемгі су тасуы кезінде келетін суды қабылдау, сондай-ақ, Қаратомар су қоймасының қорын толықтыруды көздеп отыр. Алайда, су деңгейінің өзгеруіне байланысты Лисаков қаласында екі елді мекенді байланыстырып тұрған көпірді су шайып, тұрғындардың қатынасы қиындады.




