Теміржол өткелінің бойында көлік ағыны жоғары, қозғалыс тығыз болғандықтан тәртіпті сақтау аса маңызды
Теміржол өткелінің бойында көлік ағыны жоғары, қозғалыс тығыз болғандықтан тәртіпті сақтау аса маңызды. Өйтпесе, жолдағы асығыстық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Мұндай қатердің алдын алу үшін «Қазақстан теміржол компаниясы» мен құзырлы орган өкілдері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз жол» акциясын өткізуде.




