Енді алимент өндіріп алу үшін арнайы банктік шот ашу қажет
Енді алимент өндіріп алу үшін арнайы банктік шот ашу қажет. Мақсат — кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз азаматтардың қаражатының сақталуын қамтамасыз ету. Жаңа ережелер 25 тамыздан бастап күшіне енеді. Осы уақытқа дейін банк шоты ашылмаса, ақша аударылмайды.




