Елімізде зейнеткерлер мен мүгедек жандар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін
Елімізде зейнеткерлер мен мүгедек жандар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. 25 тамыздан бастап елімізде жол жүрісі ережелері қатаңдайды. Басты өзгерістер – егде жастағы және мүгедектігі бар жүргізушілердің медициналық тексеруіне қатысты. Сондай-ақ жол ережесін өрескел бұзғандар енді қайтадан емтихан тапсыруға мәжбүр болады. Ішкі істер министрлігінің өкілдері бұл қадам жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін жасалып отырғанын айтады.




