Оңтүстіктен теріскейге бет бұрған ағайынға қойылатын талап күшейді
Оңтүстіктен теріскейге бет бұрған ағайынға қойылатын талап күшейді. Енді қоныс аударушылар кез келген елді мекенге немесе облыс орталығына орналаса алмайды. Негізгі басымдық- тек кадр тапшылығы бар ауылдарға берілмек. Сонымен қатар, ендігіде өңірлерге тек сұранысқа ие арнайы мамандар ғана қабылданады. Сонда да Қостанай облысына бөлінген жылдық квота межесіне жетті. Жыл басынан бері облыс 200 қандас пен 485 қоныс аударушыны қабылдап, орнықтырды.




