Қостанайлық шаруалар мал шаруашылығын дамытуға арналған несие бағдарламаларын сынға алды
Қостанайлық шаруалар мал шаруашылығын дамытуға арналған несие бағдарламаларын сынға алды. Аграрийлердің айтуынша, қаржыландыру шарттары шынайы жағдайға сәйкес келмейді. Әсіресе, бұл талаптар жаңадан бастаған мал өсірушілерге қиындық туғызады. Себебі несие көлемі барлық шығынды жабуға жетпейді, ал қайтару мерзімі тым қысқа. Мамандар бұл бағдарламаларды қайта қарау қажет, деп есептейді.




