Зейнетке шығу — үйде отырып қалудың себебі емес
Зейнетке шығу — үйде отырып қалудың себебі емес. Қостанайлық аға буын өкілдері мұны күн сайын өз үлгілерімен дәлелдеп келеді. Олар жаңа хоббилерді меңгеріп, спортпен шұғылданады, би билейді, сурет салады, енді тіпті аква-йогамен де айналысып жүр. Ең бастысы — мұның барлығы тегін. Белсенді ұзақ өмір сүру клубы дегеніміз не, оған қалай мүше болуға болады және оның қатысушылары неге өздеріне арнайы орынның болғанын қалайды?




