Қостанайда массаж креслоларын сатушылар қайтадан әрекет ете бастағандықтарын тілге тиек етті
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қостанайда массаж жапқыштары мен креслоларын сатушылар қайтадан белсенді әрекет ете бастағандықтарын тілге тиек етті. Мекеме мамандарының айтуынша, қымбат тауарды сатып алып, кейіннен шешіміне өкінген тұрғындардан шағымдар жиілеген. Алайда олар ақшасын қайтара алмайды, өйткені сатушылардың нақты кеңсесі жоқ болып шығады. Сондай-ақ соңғы уақытта облыс орталығының тұрғындары өздерін тегін косметологиялық процедураларға шақыратын клиникаларға қатысты да жиі шағымдануда.




