Қостанайда тұрғын үйлерді қайта тіркеу процессі әлі күнге дейін жалғасып келеді
Қостанайда тұрғын үйлерді қайта тіркеу процессі әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бүгінде 36 пәтер иелері кооперативінің тек 5-еуі ғана жаңа талаптарға сәйкес тіркеуден өтті. Егер басқарушы ұйымдар 17 шілдеге дейін қайта тіркеуден өтпесе, әкімдік мәжбүрлі түрде тарату туралы сотқа талап-арыз береді. Жаңартылған заңға сәйкес, тұрғындар көпқабатты үйлерді басқарудың жаңа жүйесін таңдауы тиіс. Ол меншік иелері бірлестігі және тікелей бірлескен басқару. Қайта тіркеу жұмыстарының баяу жүруін әкімдік тұрғындардың жиналыстарға қатыспауы және шешім қабылдауға араласпауымен түсіндірді.




