14.07.2026 10:44
Қазақ Қазақ
USD 477.11
EUR 545.58
RUB 6.2
Жаңалықтар

Қостанай қаласының әкімі кәсіпкерлерді сынға алды

  • 14 июля, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанай қаласының әкімі кәсіпкерлерді сынға алды. Марат Жүндібаев кейбір бизнес иелері абаттандыру ережелерін сақтамай отырғанын айтып, заң бұзушыларға қатысты айыппұл салуды тапсырды. Шаһар басшысының айтуынша, бірқатар дүкендердің, сауда орталықтарының және дәмханалардың сыртқы жарнамалары, маңдайшалары мен қасбеттері ескіріп, қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан кәсіпкерлерге нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіріп, қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру міндеті жүктелді.