Жаңа оқу жылының басталуына екі айға жуық уақыт қалды
Жаңа оқу жылының басталуына екі айға жуық уақыт қалды. Осыған байланысты болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары балаларын мектепке белсенді түрде тіркеп жатыр. Лисаков қаласында бүгінгі күнге дейін болашақ оқушылардың 80 пайыздан астамы мектепке қабылданған. Құжаттарды eGov порталы арқылы немесе тікелей мектепке барып тапсыруға болады. Биыл өтініш қабылдау кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, соның нәтижесінде электронды сервистердің жұмысына артық жүктеме түсірілмеді. Жалпы, биыл 1 қыркүйекте Лисаков қаласында шамамен 300-ге жуық бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.




