Қазақстанда жыл басынан бері заңсыз айналымнан жеті тоннадан астам есірткі тәркіленді
Қазақстанда жыл басынан бері заңсыз айналымнан жеті тоннадан астам есірткі тәркіленді. Ішкі істер министрлігі осы бағыттағы алты айлық жұмысты қорытындылады. Полиция қызметкерлері 15 нарколабораторияны жойып, 6 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін шектеді. Сонымен қатар, «Кибербақылау» жүйесі арқылы заңсыз контент таратқан 6 мыңға жуық интернет-сайт бұғатталды.




