Елдігіміздің символы, еңселі елордамыз — Астана күнін қазақстандықтар биыл да жоғары деңгейде атап өтті
Елдігіміздің символы, еңселі елордамыз — Астана күнін қазақстандықтар биыл да жоғары деңгейде атап өтті. Салтанатты шаралар әр өңірде кең серпін алып, қарапайым еңбек адамдарынан бастап, көпбалалы отбасылар мен дарынды жастарға ерекше құрмет көрсетілді. Ал Бейімбет Майлин ауданында бұл мереке бірнеше игі шараның басын біріктірді. Мұнда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталып, озат оқушылардың есімі ұлықталды.




