Елімізде электросамокат тебу ережелері күшейтілді
Елімізде электросамокат тебу ережелері күшейтілді. Енді қос дөңгелекті көлік құралын басқару үшін жүргізуші куәлігі мен қорғаныш дулығасы міндетті болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта самокатпен тротуарларда жүруге тыйым салынып, тек веложолақтармен немесе автожолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат етіледі. Өз кезегінде құрылғыларды жалға беруші кикширингтік компаниялардын да жауапкершіліктері артты. Енді олар әрбір самокатты міндетті түрде сақтандырып, сериялық нөмірмен қамтамасыз етуге тиіс.




