Қостанай облысының тұрғыны WhatsApp арқылы келген хабарламаға сеніп, әпкесіне 250 мың теңге аударған
Шұғыл көмек керек! Қостанай облысының тұрғыны WhatsApp арқылы келген хабарламаға сеніп, әпкесіне 250 мың теңге аударған. Алайда кейіннен СМС жіберген туысқанынын аккаунты бұзылғаны анықталып, қаражат бөгде адамның шотына түскені белгілі болды. Тергеу барысында аталған шот иесі полиция тарапынан анықталды. Дегенмен, ол да өзін алаяқтардың құрбаны болғанын алға тартқан. Соған қарамастан, жәбірленуші келтірілген шығынды сот арқылы өндіріп алуға шешім қабылдаған.




