Қостанайда жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Қостанайда жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл орташа жөндеу бойынша 49 учаске және 1 қайта жаңарту жұмысы жоспарланған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, жұмыстардың орындалу кестесінен ауытқу жоқ.Алайда ықтимал ақауларға қатысты жағдайлар да бар. Мысалы, Быковский көшесінде жаңа асфальт төселгенімен, битум мөлшері шамадан тыс қолданылған болуы мүмкін деген күмән бар. Барлық жұмыстарға түпкілікті бағаны Ұлттық сапа орталығы береді.




