Жаңа Конституция адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін бұрынғыдан да күшейтті
Жаңа Конституция елдің құқықтық жүйесін дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін бұрынғыдан да күшейтті. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, Ата заңда кінәсіздік презумпциясы, адамның өзіне және жақын туыстарына қарсы айғақ бермеу құқығы, сондай-ақ бір құқықбұзушылық үшін қайта жауапқа тартуға жол берілмейтіні нақты бекітілген.




