Қостанайдағы «Береке» шағын ауданында орналасқан жаңа мектептің құрылысы тағы да даудың астында қалды
Қостанайдағы «Береке» шағын ауданында орналасқан жаңа мектептің құрылысы тағы да даудың астында қалды. Мердігер компания нысанды аяқтау үшін сметадан тыс жұмсалған 470 миллион теңгеден астам қаражатты әкімдіктен өндіруді талап еткен болатын. Алайда сот бұл шағымды қанағаттандырудан толықтай бас тартты. Сонымен қатар, нысанды пайдалануға қабылдау туралы өтініш те орындалмады.




