Бірнеше жүз мың теңге көлемінде айыппұлды қоқысты арнайы белгіленбеген жерге төккені үшін
Бірнеше жүз мың теңге көлемінде айыппұлды Қостанай тұрғыны жүк көлігінің кузовынан қоқысты арнайы белгіленбеген жерге төккені үшін мемлекетке төлеуге міндеттелді. Прокуратура тексерісі барысында полицияның құқық бұзушыға ескерту жасаумен ғана шектелгені анықталды. Қадағалаушы орган бұл шешіммен келіспей, сотқа наразылық енгізді.




