Ажырасқаннан кейін баласымен көрісу үшін де ақша төлеу заңсыз
Ажырасқаннан кейін баласымен көрісу үшін де ақша төлеу заңсыз. Конституциялық Сот ата-ана мен бала құқығын қорғайтын маңызды шешім шығарды. Енді сот арқылы перзентімен жүздесуге рұқсат алған әке немесе ана жеке сот орындаушысына қызмет ақысын төлеуге міндетті емес. Жоғарғы сот органы бұрынғы норманы заңсыз деп таныды. Себебі мұндай негізсіз шығындар бала мүддесіне нұқсан келтіріп, отбасылық құндылықтардың сақталуына кедергі келтіреді. Заңдағы бұл өзгерістің егжей-тегжейін Бас прокуратура мамандары түсіндіріп берді.



