Қостанай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында сенбілікпен біріктірілген велошеру ұйымдастырылды
Қостанай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында сенбілікпен біріктірілген велошеру ұйымдастырылды. Аудан тұрғындары, белсенді жастар мен мемлекеттік қызметшілер Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин кесенесіне тағзым етіп, айналасын күл-қоқыстан тазалады. Шара қорытындысы бойынша шамамен 1 тонна қоқыс жиналды.



