24.06.2026 11:13
Қазақ Қазақ
USD 486.19
EUR 554.26
RUB 6.51
Жаңалықтар

Қостанайда 13 жастағы жасөспірімді іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды

  • 24 июня, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанайда 13 жастағы жасөспірімді іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Жеткіншек таңертең үйінен шығып іс-түссіз жоғалған еді. Бүгін абырой болғанда көпшіліктің көмегімен бала табылды. Жасөспірімді іздеуге «ДОС» жедел іздестіру жасағының еріктілері, полиция қызметкерлері және бейжай қарамаған тұрғындар ат салысты. Олар қаладағы аулаларды, үй маңдарын, саябақтар мен басқа да қоғамдық орындарды аралап, іздестіру шараларын жүргізген болатын.