Логистикалық платформалар арқылы жасалатын алаяқтық деректері көбейгені жөнінде Ішкі істер министрлігі ескерту жасады
Логистикалық платформалар арқылы жасалатын алаяқтық деректері көбейгені жөнінде Ішкі істер министрлігі ескерту жасады. Құзырлы органның мәліметінше, күдіктілер өздерін тапсырыс беруші немесе тасымалдаушы ретінде таныстырып, нарыққа қатысушылардың сеніміне кіріп алады. Осылайша олар көлік құралдары мен жүктерді заңсыз иемдену деректерін жүзеге асырады.



