Облыста жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп барады
Облыста жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп барады. Жыл басынан бері өңірде 3 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды. Олардың бір бөлігі тұрақты жұмысқа орналасса, енді бірі жеке кәсібін ашу үшін кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп жатыр. Сонымен қатар, өңірде жыл сайын сұранысы артып келе жатқан «Қостанай жастары» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылуда. Бұл бастама болашақта жастар мен жас отбасылардың баспаналы болуына қосымша мүмкіндік бермек.



