Қазақстан полициясы биылғы жылдың бес айында есірткіге қатысты 1,5 мыңға жуық қылмыстың жолын кесті
Қазақстан полициясы биылғы жылдың бес айында есірткіге қатысты 1,5 мыңға жуық қылмыстың жолын кесті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, есірткі бизнесіне қарсы күресте негізгі назар оның қаржылық және цифрлық тетіктеріне аударылып отыр. Себебі қылмыстық топтар заңсыз әрекеттерін ұйымдастыруда заманауи технологияларды кеңінен пайдалануда. Осыған байланысты күдікті қаржылық транзакциялар тоқтатылып, шетелдік төлем карталары бұғаттаып жатыр, ал криптовалюта әмияндары мұқият тексерістен өтуде.



