19.06.2026 11:25
Қазақ Қазақ
USD 487.73
EUR 558.99
RUB 6.63
Жаңалықтар

Қостанайда заңсыз кәсіпкерлік пен ақшаны заңдастыру дерегі бойынша іс қаралды

  • 19 июня, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанайда заңсыз кәсіпкерлік пен ақшаны заңдастыру дерегі бойынша іс қаралды. Сот мәліметінше, қала тұрғыны бірнеше жыл бойы мүлікті кепілге алып, ай сайын 8–10 пайыздық өсіммен заңсыз несие беріп келген. Осы уақыт аралығында ол елуге жуық нотариалды келісімшарт рәсімдеген. Тергеу барысында оның 35 миллион теңге көлеміндегі табысының бір бөлігі заңсыз жолмен алынғаны және оның шығу тегі жасырылғаны анықталды. Айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.