Қостанайда бір күнде тәртіп сақшыларының қатысуымен қос бірдей жол апаты тіркелді
Қостанайда бір күнде тәртіп сақшыларының қатысуымен қос бірдей жол апаты тіркелді. Қаланың ең қарбалас қиылыстарында болған бұл оқиғаларды куәгерлер таспаға түсіріп үлгерген. Келеңсіздіктің бірінде тек темір тұлпарлар зақымдалса, екіншісінде бірнеше адам жарақат алды. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың алдын ала себептерін жариялады.



