Тобыл өзенінде суға батқан 6 жасар бала мен оның атасының денесі табылды
Тобыл өзенінде суға батқан 6 жасар бала мен оның атасының денесі табылды. Қатты су ағысы марқұмдарды бірнеше шақырым ұзақтыққа алып кеткен. Еске сала кетейік, 14-ші маусым күні Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылының маңында екі адамның суға кеткені туралы ақпарат түсіп, содан бері ауқымды іздестіру шаралары жүргізілген болатын.



