Қостанай облысында запастағы әскери міндеттілердің жоспарлы жиыны басталды
Қостанай облысында запастағы әскери міндеттілердің жоспарлы жиыны басталды. Өңірден іріктелген азаматтар арнайы тактикалық оқу-жаттығудан өту үшін полигонға аттанды. Он күн бойы олар далалық жағдайда тұрып, әскери дайындықтарын шыңдайды және заманауи техниканың қыр-сырын меңгереді. Күнделікті күйбең тіршілікті уақытша әскери киімге алмастырғандардың алғашқы күні қалай өтті?



