Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе қатынасы ашылды
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе қатынасы ашылды. Көршілес Өзбекстан астанасынан шыққан алғашқы ұшақ осы демалыс күндері облыс орталығына келіп қонды. Енді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық әуежай «Ташкент – Қостанай – Ташкент» бағыты бойынша әуе кемелерін аптасына бір рет сенбі күні қабылдайды. Бұл бағыт қос мемлекет арасындағы туризм мен іскерлік байланысты жаңа деңгейге көтермек.



