Қостанай облысында мектеп бітірушілер 18 маусымда аттестат алады
Қостанай облысында мектеп бітірушілер 18 маусымда аттестат алады. Оқу-ағарту министрлігі мейрамханада кеш ұйымдастыруға тыйым салғанымен, полиция бұл шектеудің тек мектеп ішінде ғана жүретінін айтады. Яғни, заң жүзінде ата-аналардың баласымен дәмханаға баруына құқығы бар. Соған қарамастан, тәртіп сақшылары дәл осы күні өңірдегі ойын-сауық орындарында патрульдік бақылауды барынша күшейтетінін ескертеді. Себебі неде?



