Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс-шаралар басталды
Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс-шаралар басталды. Лисаков қаласында күмбірлеген домбырадан күй шертіліп, концерттер мен шығармашылық кездесу өткізілді.
Шаһар тұрғындары жас домбырашылар мен өнер ұжымдарының орындауындағы әйгілі күйлерді тыңдап, ұлттық өнердің рухын сезінді.



