Қазақстанда автожуу бизнесі үшін «судың да сұрауы бар» кезеңі басталды
Қазақстанда автожуу бизнесі үшін «судың да сұрауы бар» кезеңі басталды. Жаңа Су кодексі күшіне еніп, енді бұл сала өкілдеріне ауыз суды тонналап ысырап етуге тыйым салынбақ. Талап біреу: бес жыл ішінде әрбір кешен суды қайта өңдеп, айналымға жіберетін технологияны енгізуі тиіс. Ережені елемегендер сусыз қалуы мүмкін. Бүгінде бір ғана Қостанай облысында 150-ден астам автожуу орны жұмыс істеп тұрғанымен, жаңа жүйеге әлі ешқайсысы толық көше қойған жоқ. Дегенмен, бизнес өкілдері бұл реформаны шығын емес, үнемдеудің тиімді жолы деп көреді.



