Қостанайда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық марафон өтті
Қостанайда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық марафон өтті. Оған құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен өңір тұрғындары қатысты. Шара 300-ден астам қатысушыны біріктірді. Қатысушылар төрт шақырымға дейінгі қашықты жүгіріп өтті. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылық бойынша тест тапсырды.



