Мәжіліс рақымшылық туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс рақымшылық туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл жолы амнистияға тек қылмыс жасағандар емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылған кейбір азаматтар да ілігуі мүмкін. Парламенттегі талқылау кезінде депутаттар тіпті мас күйінде көлік айдап, куәлігінен айырылғандардың жазасын жеңілдету мәселесін де көтерді. Алайда бұған Ішкі істер министрлігі үзілді-кесілді қарсы. Ведомствоның уәжі қандай?



