Адам папиллома вирусына қарсы вакцина алатын қыздардың жас санаты кеңейді
Адам папиллома вирусына қарсы вакцина алатын қыздардың жас санаты кеңейді. Енді Қостанай облысында 11 мен 13 жастағы жеткіншектерден бөлек, 14 пен 17 жас аралығындағы бойжеткендер де бұл екпені тегін сала алады. Бас санитар дәрігердің тиісті қаулысы шықты. Мамандардың айтуынша, процедура тек ата-ананың ресми келісімімен және ерікті түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, болашақта бұл екпені ұл балаларға да салу жоспарда бар.



