Қостанай облысында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
Қостанай облысында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Құтқарушылар, орманшылар, шекарашылар мен басқа да қызмет өкілдері ірі табиғи өрт орын алған жағдайда әрекет ету тәсілдерін пысықтады. Естеріңізде болар, Қостанай облысында алапат өрт жағдайлары тіркелген еді. Биыл техника дайындығына, байланыс жүйесіне және ауылдық құтқару бөлімшелерінің жұмысына ерекше көңіл бөлініп отыр.



